top of page
Поиск

Жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиаданың ашылу салтанаты

Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған бүгінгі жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық пәндік олимпиадаға келген қадамдарыңыз сәтті болсын!

Биылғы оқу жылында олимпиаданың бірінші кезеңіне (мектепшілік) 1 025 536, екінші кезеңге (аудандық) 126 616, үшінші кезеңге (облыстық) 12 742 оқушы қатысты. Бүгін Ақтөбе қаласында өткізілетін жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндер бойынша республикалық кезеңге 832 оқушы қатысуда, оның ішінде 83 оқушы беделді халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері - еліміздің ұлттық құрама командасының мүшелері. Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарынан барлығы - 19 команда қатысады.

Қазақстандық оқушылар бірқатар беделді олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болуда, ал Қазақстан ең беделді, халықаралық зияткерлік сайыстардың өтетін орны болып табылды. Атап айтар болсақ, олар физикадан Азиялық олимпиада (2006 ж.), математика пәнінен Халықаралық олимпиада (2010 ж.), физика пәнінен Халықаралық олимпиада (2014ж.), информатика пәнінен Халықаралық олимпиада (2015ж.), химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасы (2002, 2012, 2017 ж.ж.).

Қымбатты достар!

Біз сіздердің есімдеріңіз әлемдік тарихқа жазылып, өркениетіміздің дамуына қомақты үлес қосатындарыңызға кәміл сенеміз.

Біздің еліміздің болашағы, халықтың әл - ауқаты, білім, мәдениет, ғылым, өнер және басқа да қоғамдық құндылықтар сіздің қолыңызда екенін атап өтеміз.

Алда Сізді жауапты сынақтар, қызықты экскурсиялар, кездесулер, жаңа достармен танысу күтуде. Ақтөбе қаласында өткен күндер сіздердің жүректеріңізде ең жылы сезімдерді қалдырады деп үміттенеміз.

Баршаңызға сәттілік тілейміз!


bottom of page